×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыдағы қайғылы оқиға: полиция хостел иесін іздестіріп жатыр

30.11.2023, 18:01
ҚР ТЖМ

Дәл қазір хостел иелерінің әзірге тек кім екені ғана анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов брифинг барысында полиция жатақхана иелерін іздеп жатқанын айтты.

"Аталған тұлғалардың жеке басы анықталды, қазіргі уақытта олардың орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар қабылданды. Әзірге олардан ешкім жауап ала алмайды. Біз барлық құжаттаманы көтеріп жатырмыз, одан әрі жағдайлар анықталуда", –  деді ол.

Алматы әкімдігі зардап шеккен төрт адамға жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу көрсетілгенін хабарлады: эвакуация кезінде бұл азаматтардың денесіне әртүрлі жарақат түскен.

Оларды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі күні бір пациент улы газбен улану диагнозымен токсикология бөліміне жатқызылды. Орташа ауырлық дәрежесі: ол саналы, емдеу толығымен қабылданады. Емделгеннен кейін зардап шеккен төрт адам амбулаториялық емделуге үйге жіберілді.

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматыда 13 адамның өмірін қиып кеткен хостелдегі өрт жайлы сұраққа жауап беріп, өрт шыққан ғимараттың хостел ретінде қолданылуы заңға қайшы деген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жатақханада қаза тапқан Қазақстан және шетел азаматтарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары