×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Тоқаев Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

30.11.2023, 16:15
Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жатақханада қаза тапқан Қазақстан және шетел азаматтарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Ақорда хабарламасы 

Қайғылы оқиғаға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.

Хостелдегі өрт

30 қараша күні таңғы сағат 5:33 шамасында Әди Шаріпов көшесі, 86 мекенжайындағы Almaty Hostel жертөле үй-жайы өртке орынған.  Жану алаңы – 30 ш.м. 13 адам қаза тапты. Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нысан туралы ақпарат

Ғимараттың иесі - "КУСА Халық" ЖШС. Жалға алушы – “ALA Hostel” ЖШС, жалдау шарты 21 қыркүйекте жасалған.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкенді пайдалану және қызмет көрсету. Нысан 1,5 ай бұрын жатақханаға айналған. Жатақхананың ауданы 457 шаршы метрді құрайды.

Құжаттардың болмауы

"ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға сәйкес үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу қажет. Бұл ретте Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика Басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген.

Дүкеннен жатақханаға функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау қажет.

Жатақханаларды жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары