×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада қызылшадан ем алып жатқан бала саны 200-ге жетті

01.12.2023, 10:14
Астанада қызылшадан ем алып жатқан бала саны 200-ге жетті
Иллюстрациялық фото

Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр, оның басым бөлігі – уақтылы екпе алмағандар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі таңда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен қызылша ауруының алдын алу, емдеу және иммундау бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, елордада 6 айдан бастап, 10 ай 29 күнге дейінгі сәбилерді жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Оларға желтоқсан айынан бастап 2-4 жас аралығындағы балалар қосылады.

«Науқаспен байланыс болған жағдайда, қосымша екпе алу үшін кез келген тұрғын тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға жүгінуі керек екенін еске саламыз. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!», – делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Оралхан ҚОЖАНОВ