×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарашадағы қымбатшылық: Азық-түлік бағасы қалай өсті

01.12.2023, 14:03
Қарашадағы қымбатшылық: Азық-түлік бағасы қалай өсті
Коллаж Ulysmedia

Ұлттық статистика бюросы елімізде 2023 жылдың қарашасында тауарлар мен қызметтердің бағасы қымбаттағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция бойынша жаңартылған деректерді жариялады. 2023 жылғы қарашада тұтыну бағаларының айлық индексі 1% -ды құраған. Мәселен, ақылы қызметтердің бағасы 1,7%-ға, азық-түлік тауарлары 0,7% -ға, азық-түлік емес қызметтер 0,5%-ға өскен.

Бағалар бағамы

Азық-түлік өнімдерінен қияр бағасы 42,1%-ға, қызанақ – 39%, жұмыртқа – 5,6%, тәтті бұрыш – ,5%, күріш – 1,4%, ұн-1,2%, кондитерлік өнімдер, тоқаш және ұн өнімдері – 0,6%-ға қымбаттаған. Бағаның қымбаттауы бойынша минералды және ауыз су – 0,8%-ға, темекі өнімдері – 0,7%, алкогольдік сусындар 0,4%-ға өскені байқалған. Ал сәбіз 6,3%, картоп пен қырыққабат 5,7%, пияз 4,4% арзандаған.

Сонымен қатар, инфляцияның өсуіне Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі әсер еткен. Орталық жылыту бойынша бағалар 16,1%-ға, ыстық су – 8,1%, қоқыс шығару – 7,7%, суық су – 5%, электр энергиясы – 4,4%, су бұру – 0,9% - ға өсті. Әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы 27% - ға қымбаттаған.

– Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша - автомобильдерге, портативті компьютерлерге және электр жылытқыштарға бағаның өсуі байқалды. Көмір мен отын да 1% қымбаттады, – делінген бюро хабарламасында.

Ең жоғары инфляция 

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Павлодар облысында – 1,6% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары) тіркелді.

Ең төмен көрсеткіш Жетісу мен Ақмола облыстарында. Бұл өңірлерде инфляция шамамен 0,6% құрап отыр.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының бағасы ең көп қымбаттаған: Ақтөбе облысында – 1,3%, Қарағанды облысында – 1,4% (азық-түлікке жатпайтын тауарлар), Жамбыл және Павлодар облыстарында – 4,1% (ақылы қызметтерде).

2023 жылғы қарашадағы инфляция жыл сайын 10,3% құрайды. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,2% -ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 9,9% - ға, ақылы қызметтер 12,0% -ға қымбаттаған.

Былтырғымен салыстырғанда

2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда қырыққабат 55,8%-ға, күріш – 37,3%, жүзім 43%-ға қымбаттады. Парацетамол бағасы 74,4%-ға, ацетилсалицил қышқылы – 39,7%, йод 21,7% -ға өскен. Қоқыс шығару тарифтері 36,3%-ға, су бұру – 29,1%, орталық жылыту – 25,6%, суық су – 22,3%, ыстық су 20,2%, электр энергиясы – 16,7%, тұрғын үйді ұстау 8,1%-ға қымбаттаған. Әуе жолаушылар көлігі қызметтері 27,5%-ға, теміржол қызметтері 8%-ға қымбаттады.

Сонымен қатар, жылдық мәнде: қарақұмық жармасы (20,9%), түйіршіктелген қант (16,9%) және күнбағыс майы (16,4%) арзандады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2023 жылы елімізде көрсетілген коммерциялық қызметтердің көлемі 30%-ға өскені белгілі болған еді.