Елімізде тауық жұмыртқасы бір жылда 11,6 пайызға қымбаттаған. Тіпті, қараша айында өнімнің бағасы қазан айындағы өзіндік құнымен салыстырғанда 4,3%-ды құраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жұмыртқа бағасы Қарағандыда (32,8%-ға), Өскеменде (23%-ға), Талдықорғанда (22,4%-ға) және Алматыда (21,7%-ға) анағұрлым өскен.
Сауда және интеграция министрлігі өкілдері ведомствоның құс өсірушілер одағы және жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мамамандарымен бірге жыл соңына дейін С1 санатындағы жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл бағаның маусымдық өсуі кезінде, сондай-ақ жаңа жылдық мерекелер алдында жұмыртқа бағасын тұрақтандырады.
Бірінші санаттағы жұмыртқалар әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне енгізілген. Сондықтан департамент сауда нүктелеріндегі сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз ету үшін күнделікті баға мониторингін жүргізуге уәде берді.