×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шетел әуе компанияларына шектеу алынады

02.12.2023, 14:26
Шетел әуе компанияларына шектеу алынады
Ашық дереккөзден

Қазақстан «ашық аспан» режимін әуе кеңістігі еркіндігінің бесінші дәрежесіне дейін кеңейтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл режим шетелдік әуе компанияларына Қазақстанның ірі қалаларына ұшуларды шектеусіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін тасымалдаушылар қазақстандық тасымалдаушылар ұшатын жерлерге ғана қатынап келген-ді.

Көлік министрлігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің пікірінше, «ашық аспан» режимін кеңейту қазақстандық әуе тасымалы нарығының тартымдылығын арттыруға көмектеседі.

«Бұл қадам саладағы бәсекелестікті дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді перспективада әуе билеттерінің құнын төмендетуге, жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ қызмет көрсету және ұшу географиясын кеңейтеді» деп хабарлады көлік министрлігі.