×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Air Astana» авиакомпаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды

04.12.2023, 07:45
«Air Astana» авиакомпаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды
Коллаж Ulysmedia

«Air Astana» авиакомпаниясына жанармай алымын негізсіз қолданғаны үшін миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компанияға қатысты тексеруді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура жүргізген.

««Air Astana» авиакомпаниясы ұшып шыққан күні немесе жақын күндердегі авиабилеттер сатып алынған кезде жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды. Оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде реттемеген», деп хабарлады агенттік өкілдері.

Нәтижесінде авиатасымалдаушы 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Компанияға ішкі рейстердің бағасын 2024 жылдың соңына дейін көтермеуге және 2023 жылдың 6 желтоқсанынан бастап жанармай алымын алып тастауға міндеттелді. Сонымен қатар, агенттік жанармай төлемін мүлдем алып тастау үшін заңға түзетулер енгізуді қолға ала бастады.