×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарда 8-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болған

05.12.2023, 12:05
Павлодарда 8-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болған
Ашық дереккөзден

Павлодар облысында 8-сынып оқушысының жүкті болып қалғаны үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды. Бұл оқиға қатысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кәмелетке толмаған баланың жүктілігі үшін мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды. 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен. Оның жүкті екенін сынып жетекшісі аңғарыпты. Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, қызды өгей әкесі тәрбиелеген.

Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл мәселені жеке бақылауына алғанын айтты.

«Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін нақты шешімдер қабылданады. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жедел шараларды қолға алатын болады», - деді министр.