×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Өмірі оқуға бармаған балалар анықталып жатыр – бас прокуратура

05.12.2023, 15:22
Фото: Ашық дереккөзден

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Самат Самет елде әлеуметтік мәртебесі берілмеген балалар анықталып жатқанын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Айта кетсек, сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Отбасы-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбына арналған отырыс өтір жатыр. Отырыс барысында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар және басқалар талқылануда.

Отырыста Самат Самет прокурорлардың қатысуымен балалардың құқығы қорғалып жатқанын айтты.

«Биылғы жиналыста еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанұялық картасы таныстырды. Соның нәтижесінде 1 мыңға жуық баланың еш әлеуметтік мәртебесі берілмегені анықталды. Бұл іске прокурорлар араласып, олардың әрқайсысы қайда оқитыны, ұай балабақшаға барғаны анықталып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Дегенмен осы бағдарламаны зерделеу нәтижесінде туысқандардың бір-біріне беріп жіберген жағдайлар, өмірі балабақшаға немесе оқуға бармаған балалар анықталды. Олардың бәрінің прокурорлар шараларының нәтижесі құқықтары қорғалуда», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары