Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферттер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін Сенат депутаттары Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы» заңды мақұлдаған болатын.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2024 жылға – 2 триллион теңге, 2025 жылға – 2 триллион теңге және 2026 жылға – 2 триллион теңгеге белгіленді. Сондай-ақ 2024 жылы Ұлттық қордан 1,6 триллион теңге республикалық ауқымдағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.