×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Павлодарда жайылым жерлер заңсыз жекенің қолына өткен

07.12.2023, 13:56
Павлодарда жайылым жерлер заңсыз жекенің қолына өткен
Ашық дереккөзден

Жер қатынастары саласында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тексеріс барысында елді мекендер аумағынан жайылымдық жерлер мен егістіктер үшін жер учаскелері берілгені анықталды. Міндетті конкурстық рәсімдер еленбей, жерді қолдану үшін төленетін төлем азайтылған. Лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған. Атап айтқанда, бір учаске бойынша жалға алудың жылдық құны 50 млн теңгенің орнына 60 мың теңге деп белгіленген», - деді бас прокуратурада.

Халықтың қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлер тапшылығы бола тұра, жерлер кәсіпкерлерге берілген.

«Ертіс ауданында 47 мың га тапшылық болса да, жер жеке тұлғаларға заңсыз берілген. Осындай фактілердің бірі - жекеменшікке өткен 3 мың гектардан асатын жайылымдар қайтарылды», - деді ведомстводағылар.

Жер қатынастары саласында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша тергеу басталды.