10 желтоқсан күні сағат 09:38-де "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің мамандары жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 917 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.0.
MPV магнитудасы – 5.4.
Тереңдігі – 30 км.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілетіндігі туралы мәліметтер болған жоқ.
Ауғанстанның Ұлттық сейсмология орталығы да жер сілкінісі туралы хабарлады. Олардың мәліметтеріне сүйенсек, жер сілкінісінің магнитудасы 4.8 баллды құраған.