Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 13:50-де БШМ-де кабель үзілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Салдарынан екінші станциялық қазандық қондырғысы істен шыққан. Қала тұрғындары жаппай пәтерлердегі суыққа шағымдануда.
Тұрғындар ауруханаларда да жылу жоқ екенін алға тартып отыр. Олар медициналық мекемелерде балаларымен бірге бүрсеңдеуге мәжбүр.
"Қазіргі уақытта қазандық агрегаты іске қосылды, температуралық кестеге шығу сағат 23:00-ге жоспарланған. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз",-деп хабарлайды Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін елімізде соңғы тәулікте 4 апат орын алғанын жазған едік.