×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аймағамбетов: Жылу тарифтерінің бүкіл ақшасы олигархтардың қалтасында кетпеуі керек

12.12.2023, 11:04
Аймағамбетов: Жылу тарифтерінің бүкіл ақшасы олигархтардың қалтасында кетпеуі керек
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қыс басында жер-жердің жылу жүйелеріндегі ақауға байланысты ойын айтты. Ол ірі кәсіпорындарды тексеру үшін мемлекеттің құзыретін арттыру керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қыс басталғалы жылу жер-жерде өшті. Былтырдан бері өзекті проблемадан құтылмай, қайтадан жылусыз қалуымыздың себебі неде?» - деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі депутаттан Астанада өткен «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімі алдында.

Асхат Аймағамбетов мәселеге кешенді қарау керек деп есептейді. Қыс басталмай жатып, ең бірінші аязда осындай апаттар болып жатқанын айта келе жылыту маусымына дайындық сапасына назар аударады.

«Біз мемлекеттік энергиялық-қадағалау сияқты басқа да өкілетті органдардың құзыретін алуымыз керек. Кезінде біз дуиң-бизнес дедік, түрлі рейтингті айттық, кәсіпкерлердің құқығын қорғаймыз дедік. Әрине, қорғау керек. Бірақ үлкен монополистердің құқығын қорғамауымыз керек. Үлкен жылу-электр орталықтары мен үлкен кәсіпорындар болса, оған мемлекеттің тиісті бақылау органдары тексере алатындай мүмкіндігі болуы керек», - дейді депутат.

Аймағамбетовтың коммуналдық тарифтерді өсіргелі жатқанына назар аударады.

«Ол түсінікті. Бірақ сол тарифтердің монополистердің, олигархтардың қалтасында қалмайтындай модернизацияға барады дегенге көзіміз жету үшін біз осы мемлекеттің, мемлекеттік органдардың құзыретін кеңейтуіміз керек. Мемлекеттік-энергетикалық аудиттің де құзыреті кеңейту керек. Өйткені, қазір оларда айтарлықтай құзырет жоқ. Әрине, бірінші кезекте әкімдіктер жылыту маусымына дайындалуы керек. Екінші жағынан, кезінде барлық мекемелер жекеменшікке беріліп кеткеннен кейін әкімдіктердің қолы қысқа. Үкімет де осы мәселемен айналысуы тиіс. Жалпы біз кәсіпкерлікті қорғаймыз деп, үлкен монополистерді қорғамай, олардың да жауапкершілігін, ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек», - дейді ол.

Еске сала кетейік, қыс басталғалы Қазақстанның бірнеше қаласындағы жылу жүйелерінен ақау шыққан еді. Жұртшылықты «жаз бойы қомақты қаражат бөлініп, коммуналдық бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр» деп сендірген еді. Ulysmedia.kz тілшісі оқиғалардың мән-жайына қанығып, уәде етілген жұмыстарды еске түсіріп көрген.

Мұның алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жылу маусымына дайындық кезеңінде олқылықтарға жол бергенін айтқан.