×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Отандық фермерлер аустралиялық әріптестерімен байланыс орнатты - Жұманғарин сапар жайлы бөлісті

14.12.2023, 10:47
Серік Жұманғариннің Фейсбук парақшасынан

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша Аустралияға барған сапарымен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл сапарға шенеуніктерден бөлек, еліміздің тоғыз ірі кластер мен мал шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері барған. Олардың арасында аустралиялық компаниялармен тығыз жұмыс істеп, бизнесті дамытып жүргендері де бар.

“Сапар қорытындысы бойынша бес кәсіпорын аустралиялық технологияларды енгізе отырып, өз өндірістерін салу және жаңғыртудың пилоттық жобаларына қатысуға келісті. Олар: "Олжа Агро" ЖШС, "Қарасу-Астық "ЖШС (Қостанай облысы), "Терра" ЖШС (БҚО), "Қайып Ата" ЖШС (Түркістан облысы), "Қайыңды" ЖШС (Жетісу облысы).

Компаниялардың инвестициялық жобалары мал шаруашылығының кең спектрін қамтиды. Атап айтсақ, 100 мың басқа арналған ірі бордақылау алаңын салудан бастап, жемшөп дақылдарын суару және өсіру, қалдықтарды терең өңдеу және жасыл технологияларды енгізу бойынша жобалар жүзеге асады. Түркістан облысындағы "Қайып Ата" ЖШС мал базарын салуды ұйғарды. Бұл, әрине, жақсы жаңалық, өйткені заманауи мал саудасыз біз мал шаруашылығын дамытудағы жоспарларды жүзеге асыра алмаймыз. Кез-келген биржадағыдай, жақсы ұйымдастырылған мал нарығында кез-келген малға әділ нарықтық баға қалыптасады. Фермер кез-келген уақытта малды сата алатынына сенімді болып, оның нарықтағы бағасын біліп отырады, ал сатып алушы өзінің талғамына сай малды таба алады. Сатып алушы жеке қосалқы шаруашылықтардан мал сатып алып, оны еке есе бағаға сату сияқты артық делдалдық схемаларсыз сату мүмкіндігі болмақ”, – деді Жұманғарин өзінің әлеуметтік парақшасында.

Пилоттық бағдарлама аясында қатысушылар инвестициялық жобаларды келесі жылдың көктемінде бастауы тиіс. Алдымен ауыл шаруашылығы мен қатысушы объектілердің жағдайларына талдау мен аудит жүргізу, әр жобаның қаржылық моделі мен бизнес-жоспарын жасау қажет. Белгілі бір технологияларды қолданудың сәттілігі әр аймақтың ерекшеліктеріне байланысты, жобалау кезінде барлық нюанстарды ескеру керекпіз. Ал мемлекеттік қолдау алатын жобалар 100% табысты болуы тиіс.

Отандық фермерлер аустралиялық мал күтіміндегі тазалыққа, мәдениетіне, олардың күйлеріне таң қалған. Қазақстандық кәсіпкерлерге де бұл ұтымды тәсілді енгізуге мүмкіндік бар.

Серіктес жаңалықтары