×
440.9
475.95
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
440.9
475.95
4.82

Алматыда өрт шыққан пәтерден әйел адамның денесі табылды

01.05.2024, 19:20
Фото: Алматы ТЖД

Алматыда өрт болып, бір әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, өрт кезінде 23 адам эвакуацияланды. Бір адам зардап шекті, сондай-ақ бір әйелдің денесі табылды.

1 мамыр таңғы бестер шамасында 7 ықшам ауданында орналасқан төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. 30 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 5-52-де сөндірілген. Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылған.

Өртті сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 48 адам және 12 техника жұмылдырылған. Өрт шыққан пәтерден 1997 жылғы әйелдің денесі табылған. Қазір тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтауда. 1990 жылғы ер адам ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Өскеменде пәтердегі өрт кезінде құтқарушылар бес тұрғынды эвакуациялағанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары