×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Путин қандай жағдайда бейбітшілік орнайтынын айтты

14.12.2023, 15:29
Ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин алға қойған мақсаттарына қол жеткізгенде ғана бейбітшілік орнайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біз өз мақсаттарымызға жеткенде бейбітшілік орнайды. Мақсаттар жайлы айтсақ, олар өзгермейді", - деді Ресей президенті.

Путиннің айтуынша, бұл  – "Украинаны денацификациялау, демилитаризациялау және оның бейтарап мәртебесін" қамтитын мақсат.

Ресей президенті Владимир Путин 2023 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын және тікелей желі өткізіп жатыр.

Сонымен қатар ол мобилизациялаудың екінші толқынының қажеттілігі жоқ екенін айтты.

"Ішінара мобилизациялау кезінде 300 мың адам тартылды. Осыдан кейін билік келісімшарт негізінде әскери қызметкерлерді қабылдауға көшті. Күні кеше 486 мың адам әскери қызметке кірісті. Отанын қорғауға дайын ер адамдар легі азаймады. Күн сайын республика бойынша әскери комиссариаттарға 1,5 мың ерікті келеді", - деді Путин.

Путин сондай-ақ бірінші толқын кезінде әскерге жұмылдырылғандардың еңбегін жоғары бағалап, қазірдің өзінде олардың 14-і Ресей Батыры атанғанын айтты.

Қазіргі уақытта 244 мың адам қақтығыс аймағында болса, 41 мың адам шекті жасқа жетуіне, денсаулығына және басқа да себептерге байланысты зейнетке шыққан.

Серіктес жаңалықтары