×
$
452.91
€
509.43
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.91
€
509.43
₽
5.53

Air Astana ұшағындағы ақауға байланысты қазақстандықтар Хайнаньда қалып қойды

Бүгін, 10:48
Air Astana ұшағындағы ақауға байланысты қазақстандықтар Хайнаньда қалып қойды

Қазақстандық жолаушылар Қытайдың Хайнань аралынан Астанаға бір тәуліктен астам уақыт бойы ұша алмады. Әлеуметтік желілерде осы жағдайға қатысты шағымдар пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Threads әлеуметтік желісінде бір жолаушы адамдардың бір тәуліктен астам уақыт бойы рейс күтіп, Air Astana өкілінен нақты түсінік ала алмағанын жазды.

– 150-ден астам жолаушы, оның ішінде 30 апа мен 20 бала Хайнаньдан Астанаға бір тәуліктен астам уақыт бойы ұша алмай отыр. Балалар мен егде жастағы адамдар орындықтарда ұйықтап жатыр. Басқа елдердің жолаушылары өзара сыбырласып сөйлесіп жүр, – деп жазды ол.

Әуе компаниясының түсініктемесі

Air Astana Саньядан Астанаға бағытталған KC584 чартерлік рейсінің кешіккенін растады. Ұшақ 4 қарашада ұшуы керек болған. Алайда жасыл гидравликалық жүйедегі қысымның төмендеуіне байланысты рейс келесі күнге ауыстырылған.

– Ақаулы бөлшек ауыстырылды. Жолаушыларға трансфер, тамақ және қонақүйде тұру қызметтері ұсынылды, – деп хабарлады әуе компаниясы.

Тасымалдаушының мәліметінше, ұшақ 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 10:07-де Саньядан ұшқан. Рейс Астанаға сағат 14:45-те келеді деп жоспарланып отыр.

Рейс жалпы 27 сағатқа кешікті. Air Astana жолаушылардан кешірім сұрады.