×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Фельдшерлер жүкті әйелді жолда босандырып алды

16.12.2023, 17:56
ДСМ

Кіндіктің оралуына қарамастан қызылордалық дәрігерлер босануды сәтті жүргізе алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

103-ке Сексеуіл ауылынан "жүктіліктің 39-аптасындағы келіншектің іші ауырып жатыр"деген шақыру келіп түседі. Фельдшерлер Қамшат Оразғалиева мен Манасбек Орынбаева жедел келеді. Десе де, боран салдарынан келіншекті жедел жәрдем көлігінде босандыруға мәжбүр болған.

"Тексеру кезінде әйел іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға шағымданды. 2-3 сағат ішінде қайта-қайта мазалай берген соң жедел жәрдем бригадасы шақыртылған. Арал қаласына жеткіземін дегенше босану процесі байқала басталды.  Салмағы шамамен 3 кг, бойы 50 см болатын қыз дүниеге келді", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары