×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

UFC: Шавкат Рахмонов кезекті жеңісіне қол жеткізді

17.12.2023, 09:56
Ашық дереккөзден

Отандасымыз Шавкат Рахмонов ММА-да 18-ші және UFC-де мерзімінен бұрын 6-шы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лас-Вегас төрінде UFC 296 жекпе-жегінде Шавкат американдық Стивен Томпсонды екінші раундта жеңді.

Шавкат екінші раундтың соңында тұншықтырғыш әдісін сәтті жасады. Жалпы, екі раунд та отандасымыздың айқын басымдығымен өткенін атап өткен жөн. 

Жекпе-жектен кейін Рахмонов Леон Эдвардс-Колби Ковингтон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын төбелесуге шақырды.

"Халқымды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл жеңіске өте қуаныштымын. Көп рахмет! Мен атаққа дайынмын деп ойлаймын. Эдвардс-Ковингтон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен атаққа таласамын деп сенемін!"- деді ол.

Шавкат бұған дейін ММА-де өткізген 17 жекпе-жегінің барлығында жеңген. Бүгінде ол UFC-де жартылай орта дивизионда бесінші орында тұр. Соңғы жекпе-жегін наурыз айында UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы өткізді. Сол кезде 29 жастағы отандасымыз қарсыласын үшінші раундта «қылқындыру» әдісімен жеңген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары