Алматыдағы дүмпулер сағат 7:44-те тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР ТЖМ "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Алматыдағы жер сілкінісі
Эпицентрі Қытай аумағында қаладан оңтүстікке қарай 347 км жерде орналасқан. Алматыда жер асты дүмпулерінің күші 2 баллға бағаланды.
Қытайдағы жер сілкінісінің салдары
Жер сілкінісі түн ортасында Ганьсу провинциясында болды. Салдарынан Ганьсу провинциясындағы және көршілес Цинхай провинциясындағы үйлер мен инфрақұрылым нысандары зақымданды.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 5,9, эпицентрінің тереңдігі 10 км болды.
Қытайдың Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ганьсу провинциясында 100 адам қаза тауып, 96 адам зардап шекті. Цинхай провинциясында 11 адам қаза тауып, 124 адам жарақат алды.