×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Танымал журналист пен депутат шаңырақ көтерді

19.12.2023, 11:38
Коллаж Ulysmedia

Кеше Астанадағы Portofino мейрамханасында Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Асқар Жалдинов дүркіретіп тойын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Танымал журналистің жұбайы – Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Атабаева.

Қалыңдық өз өңірінде белсенді әйелдердің бірі. Ол волонтерлік жұмыспен белсене айналысып, көзге түскен. Бүгінде ол №19 сайлау округінің депутаты.  29 жаста.

Асқар Жалдинов әр жылдары Жамбыл, Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы, “Время” газетінің журналисі болып еңбек етті. 

Осыдан үш жыл бұрын оның Қазақстандағы аты шулы қылмыстардың құпиясы туралы жазылған «Вне протокола» кітабы жарыққа шыққан болатын. Кітапта түрлі кезеңдегі ондаған қылмыстық тарихтар жиналған (революциялық жылдардағы қылмыстардан бастап қазіргі Қазақстандағы жантүршігерлік қылмыстарға дейін). Автор оқырманға қабылдау оңай болу үшін анализді, статистикалық деректер мен мұрағат материалдарын қолдана отырып, ең қорқынышты және резонанс тудырған істердің өзіндік жинағын жасаған. 

Айтпақшы, журналист «5:32» сериалын түсірген Salem social media компаниясы сотқа беріп, жеңіп шыққан еді. Ол сценарий жазу кезінде кітабын пайдалану фактісін негізге алып, авторлық құқықтың бұзылғанын алға тартқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары