×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Мәселе жылдар бойы қордаланған: Қарабаев ҚТЖ былықтары жайлы пікір білдірді

19.12.2023, 17:55
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев "Қазақстан Темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың отставкаға кету ықтималдығы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер Сауранбаевтың ҚТЖ-да қордаланған проблемаларды ескере отырып, оның отставкаға кететін уақыты келген жоқ па деп сұрақ қойды. 15 желтоқсанда барлық бағыт бойынша 20-дан астам жолаушылар пойызы 27 сағаттан астам уақыт жолда қалған еді.

Бұл сұраққа жауап берген Марат Қарабаев биыл теміржол тасымалының өсімі шамамен 5% құрайтынын атап өтті. Транзиттің өсімі 20% деңгейінде.

– ҚТЖ-дағы проблемалар жылдар бойы қордаланған. Ал ҚТЖ жүйелі түрде министрлікпен бірге шаралар қабылдайды, олар туралы сіздер өте жақсы білесіздер. Біз вагон паркінің тозуы 60% - дан жоғары екенін бірнеше рет айттық. Сондықтан биыл үш мың жаңа вагон сатып алынды. Мен көлік министрлігінің басшысы ретінде темір жолдардың қызметін бағалаймын және проблемалар жылдар бойы жинақталғанын, бірақ кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын атап өтемін, – деді министр Сауранбаевтың кетуі жайлы сұраққа тіке жауап бермей.

Сондай-ақ, көлік министрі саланың бірінші басшысы болып жатқанның бәрі үшін дербес жауапты екенін атап өтті.

– Иә, оңтүстік аймақтарда кідірістер болды, бірақ ауа-райы да қалыптан тыс болғанын атап өту керек. Иә, 22 жүк пойызы мен 35 жолаушылар пойызы уақытша тоқтады. Сол жерде қар жауды. Боран көтеріліп, жолды көру мүмкін болмай қалды. Күн райы минус 40-қа дейін түсті. Жел екпіні секундына 40 метр, жекелеген асуларда - секундына 70 метрге дейін барды, – деді министр.

Бұған дейін Тәуелсіздік күні бірқатар пойыз кешігіп, тоқтағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары