×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Төленбеген несиеге «проценті» қосылмайды – заңдағы өзгерістер

20.12.2023, 09:14
Төленбеген несиеге «проценті» қосылмайды – заңдағы өзгерістер
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне несие беру кезінде тәуекелдерді азайту үшін бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тың құжат жайлы мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Татьяна Савельева айтып берді.

Заң жобасы мынадай өзгерістерді көздейді:

  • кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда азаматтарға жаңа тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салу;
  • 90 күн өткеннен кейін барлық кредиттер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;
  • банктердің және МҚҰ-ның коллекторлық агенттіктерге азаматтардың кредиттерін сатуын шектеу;
  • коллекторлық агенттіктердің сатып алынған берешекті реттеуді жүргізу міндетін енгізу;
  • НҚА сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тұтынушылық банктік қарыздың мерзімі, сомасы және өзге де шарттары бойынша шектеулер белгілеу;
  • кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз тұрғын үйден шығаруға тыйым салу.
  • банктерге өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға)жалға беруге мүмкіндік беру;
  • төлем талабын қойған кезде банктік шотта кемінде 2 ПМ мөлшерінде ақшаны сақтау;
  • кредит алудан ерікті түрде бас тартылған жағдайда азаматтардың кредиттері бойынша борышты есептен шығару.
  • әскери қызмет кезеңіне мерзімді сарбаздар үшін сыйақысыз кредиттер бойынша міндетті кейінге қалдыруды енгізу.

Бұдан басқа, заң жобасында өзгерістер енгізуді көздейтін нормалар бар:

Қылмыстық кодексі және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты белгілеу көзделген. 

Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша үкіметтің қорытындысы 2023 жылғы 12 қарашада алынған. Бастамалардың көпшілігі қолдау тапқан, бірақ сонымен бірге кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша үкімет депутаттар келіспейтін және жұмыс топтарында осы норманы енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын балама ұстаным ұсынып отыр.