×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Кентаулықтар әкімдікке басып кіріп, басшылардың жағасына жармасты

21.12.2023, 10:10
Кентаулықтар әкімдікке басып кіріп, басшылардың жағасына жармасты
Otyrar

Кентау қаласының тұрғындары бір аптадан бері пәтерлерінде бүрсеңдеп отыр. Уәде етілген жылу әлі қосылмаған. Шыдамы таусылған халық қала әкімдігіне басып кіріп, басшыларды жағасынан алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір апта бұрын Кентау жылу-электр орталығында жарық өшіп төрт қазандық істен шыққан болатын. Артынша шенеуніктер қаладағы жылу мәселесі жедел шешілгенін айтып есеп берді.

Алайда тұрғындар әлі күнге дейін жылуға жарымай отырғандарын алға тартып отыр. Ол аздай, жылудың бағасы көтеріледі деген ақпарат та желдей есті. Бұған ашуланған халық әкімдікке ағылды.

“Кентауда жылда қайталанатын жағдай бұл. Әкімдер ауысады, ал мәселе түпкілікті шешілген жоқ. Тарифті неге көтеріп жатқанына түсінбеймін. Жылу мәселесі шешілмей жатқанда қалай көтереді? Жылу-электр орталығы қысқы маусымға дұрыс дайындалмады. Оны кеше әкімнің орынбасары да мойындаған. Екіншіден, балаларды неге онлайн форматта оқытпайды? Балалардың барлығы мектептен ауырып келді”, – дейді тұрғындар.

Тұрғындардан сескенген шенеуніктер 13-23 желтоқсан аралығында жылу ақысы түбіртекке қосылмайды деп ақталуда.

Ал “бір апта бұрын жөнделді” деген жылу жүйесі алдағы күндері толық қалпына келтіріледі, дейді әкімдік өкілдері. Қазір жылу орталығындағы кейбір қазандық жөнделіп жатыр екен.

“Температура режимі графикқа сәйкес көтеріліп келеді. Бүгін төртінші қазандықты қосамыз. Осыдан кейін қала толық жылумен қамтамасыз етіледі”,  – деп сендірді «Кентау Сервис» ЖЭО директоры Серік Симтиков.

Бұған дейін 13 желтоқсанда сағат 20:16-да Кентау қаласындағы ЖЭО-да электр беру желілері ажыратылған кезде барлық төрт қазандық істен шыққанын жазған едік.