Бүгін сағат түскі бір шамасында Рудныйдың Корчагин көшесінде Тойота жүргізушісі полиция бекетінің жанындағы мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанына тоқтаған. Алайда заң бұзушылықты ескертпек болған полицейді жүргізуші көлік капотында сүйреп әкеткен, деп жазады Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасаған. Алайда жүргізуші дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашуға тырысқан.
Полиция қызметкері көліктің қозғалысына кедергі келтіргеніне қарамастан жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жүргізушінің жеке басы дереу анықталды. 35 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,
Күдіктіге ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі бойынша (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.
Полиция департаменті жағдайды объективті бағалау үшін полиция қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты қызметтік тергеу тағайындалғанын атап өтті.