×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыда автобус аялдамадағы адамдарды басып кетті

22.12.2023, 19:45
Куәгердің суреті

Алматыдағы "Қалқаман" аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыдағы Райымбек даңғылында жолаушылар автобусы кенеттен аялдамада тұрған адамдарды жаншып өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға үш адамның өмірін қиды.

Оқиға орнына құтқару және шұғыл медициналық қызметтер жедел жетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті, ал полиция қызметкерлері мен тергеу органдары болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сұмдық оқиға сағат 18:15-те болған.

“47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрған. Ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда”, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары