×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыдағы автобус апаты: Зардап шеккендердің жағдайы қалай

23.12.2023, 11:45
Куәгердің суреті

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының (ДСБ) баспасөз қызметі жүргізушінің және автобус қаққан адамдардың жай-күйі жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

50 жастағы әйел: бірнеше сынықпен жансақтау бөліміне жатқызылған. Науқастың жағдайы аралас жарақат пен травматикалық шокқа байланысты ауыр.

55 жастағы ер адам: нейрохирургия бөліміне "жабық бас миының жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Автобус жүргізушісі, 36 жаста: нейрохирургия бөліміне бас миының жабық жарақатымен және жеңіл ми жарақатымен ауруханаға жатқызылған.

Бала: №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының көпсалалы бригадасы қарады. Диагнозы: сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндері көгерген. Гипспен оралып, амбулаториялық емдеуге бағытталған.

Зардап шеккендердің бәріне медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Алматыдағы "Қалқаман" аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Серіктес жаңалықтары