×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Болашақ» түлегі жұмыс берушісі – AIX биржасын сотқа берді

23.12.2023, 14:49
Фото: Ашық дереккөзден

Дауға шетелден қашықтан атқарылған жұмыс Қазақстан аумағында істелген деп санауға бола ма, әлде жоқ па деген мәселе себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының шағын шағымдар соты осы жылдың 5 желтоқсанында талапкер Саян Әбдіхайрановтың Astana International Exchange Ltd-ге қарсы ісін қарады. Іс судья Чарльз Баннердің қарауында.

Іс-материалдары бойынша, 2014 жылы Әбдіхайрановқа "Болашақ" стипендиясы берілген. Бағдарлама шеңберінде оған Ұлыбританиядағы Рединг университетінде оқуға қаражат бөлінген. Онда жас жігіт халықаралық банк құқығы бойынша заң магистрі дәрежесін алады. Стипендия беру шарттары Әбдіхайранов пен оның жұмыс берушісі (ҚР Бас прокуратурасы) арасында жасалған үшжақты шартпен реттелген әлі де реттеледі. Үшжақты шартқа сәйкес, оқуын бітіргеннен кейін Әбдіхайранов Қазақстанға 15 күн ішінде оралуы тиіс болған.  Соған сай Қазақстан азаматы 2017 жылғы 27 ақпанда елге оралған.  Әбдіхайранов ары қарай өзінің жұмыс берушісінде немесе Қазақстанда орналасқан басқа ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс еді.

2017 жылғы 17 наурызда Әбдіхайранов Бас прокуратураның табиғатты қорғау заңнамасын қолданудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы болып тағайындалып, бұл қызметте 137 күн жұмыс істейді. 2017 жылдың 4 тамызында ол жұмыс орнын ауыстырып, "Цеснабанк" АҚ-да заңгер ретінде жұмысын ауыстырады. Онда 620 күн еңбек етеді. 2019 жылдың 23 сәуірінде ол AIX-ке ауысып, эмитенттерді реттеу департаментінде аға заңгер болып жұмыс істейді. COVID-19 пандемиясы кезінде Әбдіхайранов бұл позицияда қашықтан еңбек еткен. COVID-ке қатысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін, ол 2021 жылдың 21 сәуірінде АҚШ-қа көшіп барып, AIX келісімімен 2022 жылдың 23 сәуіріне дейін бұрынғыдай позицияда қашықтан жұмысын жалғастырған.

Алайда, "Болашақ" стипендиялық бағдарламасын басқаратын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Әбдіхайрановтың АҚШ-тан қашықтағы жұмысы Қазақстанда орналасқан ұйымдағы тиісті жұмыс ретінде сараланбайды деген шешімге келген.

Осыны ескере отырып, Әбдіхайранов сот арқылы AIX компаниясынан 2019 жылғы 23 сәуір мен 2022 жылғы 30 наурыз аралығында еңбек шартының талаптарына толық сәйкес компанияда жұмыс істегенін растайтын, сол арқылы Қазақстанда орналасқан ұйымдарда оқуын аяқтағаннан кейін 5 жыл жұмыс істегенін растайтын есеп беруге міндеттеуді сұрайды.

Өз кезегінде, AIX атынан жауапкер Мұрашова ханым соттың AIX-ті мұны істеуге міндеттейтін күші жоқ деп санайды, өйткені компания үш жақты шарттың тарапы емес. Әбдіхайранов бұған қарсы.

– Бұл дауға нүктені сот қоюы керек. Алайда, оған мұны істеудің қажеті жоқ шығар, өйткені Мұрашева ханым 2023 жылдың 1 желтоқсанындағы тыңдауларда сотта Әбдіхайрановтың қиын жағдайын түсінетінін және ХБО есебін жіберуге дайын екенін айтты. Егер ол мұны жасаса, онда (мүмкін, ХБО -ның жауабына байланысты), мүмкін, сот бұдан былай осы талап бойынша шешім шығаруға мәжбүр болмауы мүмкін, - делінген істе.

Сот тыңдауды 2024 жылдың 16 қаңтары сейсенбіге қалдырды. Егер осы шешіммен және AIX есебімен танысқаннан кейін ХБО өз ұстанымын өзгертсе, тараптар талқылауды тоқтата алады. Әйтпесе, кейінге қалдыру кезеңі аяқталғаннан кейін сот істің одан әрі барысына қатысты нұсқаулар береді. Егер AIX сотқа мәлімдегендей есеп бермесе, бұл шығындар түрінде салдары болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары