×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда жолды жауып тастаған тұрғындар жауапқа тартылды

24.12.2023, 16:52

Алматыда көшені жауып тастаған River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полицияның ақпаратынша, кеше Алматыда River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылу қосуды талап етіп, Мақатаев көшесін жауып тастаған.

"Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полицейлердің заңды талаптарын орындамау болып саналады. Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң аясында, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болатын. Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды", - деп мәлімдеді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Осыған байланысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 4 азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы тоғыз адам көлік қозғалысына кедергі жасағаны үшін Кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.