×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Депутат кептеліспен күресу үшін кейбір көшелерді ақылы етуді ұсынды

28.12.2023, 10:31
Депутат кептеліспен күресу үшін кейбір көшелерді ақылы етуді ұсынды
Фото: Ашық дереккөзден

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай халқы жылдам өсіп жатқан қалалардағы жол қозғалысы саласындағы зерттеулер мен сараптамаларды күшейтуді ұсынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың айтуынша, жылына Қазақстанда жол апаттарынан 2 мың адам көз жұмады. Кейінгі бес жылда мыңнан аса жасөспірімнің ажалына жол-көлік оқиғалары себеп болған. Қазақстанда биылың өзінде 11 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Орталық Азияда бұл ең жоғарғы көрсеткіш.

– Өткен аптада автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың кесірінен аялдамадағы үш адам, соның ішінде 4 баланың ата-анасы – ерлі-зайыпты ұстаздар қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы мегаполистерде шешілмей келе жатқан бірқатар өткір мәселелерді көрсетіп отыр. Қоғамдық көліктерде қауіпсіздік мәселесі мүлде қарастырылмаған. Аялдамалардың көпшілігі тым жақын орналасқан. Мегаполистерде қоғамдық көлік тапшылығы аса өткір. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай Астанада халық саны 33 пайызға, яғни 1,7 млн адамға, Алматыда 20 пайызға 2,4 млн адамға, Шымкентте 1,5 млн адамға дейін өседі. Бұл ел халқының төрттен біріне жуық, – дейді ол.

Бибігүл Жексенбай қазірдің өзінде осы қалаларда шоғырланған адамдар қаладан шет аймақта, жеке секторда тұратыны, мұнда мектептер мен балабақшалардың тапшылығы жоғары екенін атап өтті. Сондықтан, бұл қалаларда жол кептелісі үлкен проблема екенін жеткізді. Тіпті жедел жәрдем көліктері сағаттап тұрып қалады. Сенатор келтірген деректерге қарағанда, елде 5 млн 216 мың көлік тіркелген. Оның ішінде 80 пайызы жеңіл көліктер. Тек 2,2 пайызы автобустар. Автокөліктердің 80 пайызы ескірген.

Сенатор халқы жылдам өсіп жатқан қалаларда зерттеу мен сараптамаларды күшейтіп, сауда, бизнес, қызмет көрсету, білім нысандарын халық тығыздығына қарай біркелкі орналастыруды бақылауды, қала қозғалысыны бақылаудың бірыңғай орталықтан басқару және ақылды бағдаршамдар жүйесін енгізуді ұсынады. Бағдарлардың, қоғамдық көліктерді көбейтуді, қоғамды көліктердің қауіпсіздігін күшейтге шақырады.

– Сарапшылар пікірін ескере отырып, бәлкім, халықаралық тәжірибелерді ескеріп, белгілі бір уақытта кептеліс аймақтарында ақы алуды да қарастыру қажет болады. Көлік кептелісі проблемаларын шешуде жол қозғалысын реттеу жөніндегі жергілікті уәкілетті орган рөлі және жеке компаниялардың да жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз, – дейді ол.