×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астана мен ШҚО-да қызылшадан бала өлімі тіркелді

28.12.2023, 11:25
Астана мен ШҚО-да қызылшадан бала өлімі тіркелді
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы сенат кулуарында денсаулық сақтау вице-министрі –  мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Есмағамбетованың айтуынша, қызылша ауруынан 2 бала өлімі тіркелген. Екеуі де 1 жасқа дейінгі балалар. Өлім жағдайы Астана мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.

– Олар қызылшаға қарсы екпе алу жасына толмаған. Бір бала шала туған. Оның бұған дейін де басқа да ілеспе аурулары болған. Соңына қызылша жұқтырған, - дейді Айжан Есмағамбетова сенат кулуарында.

Ексе сала кетейік, таяуда Біріккен Ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызылшаның таралуы бойынша Қазақстанды әлемде бірінші орынға қойған еді.