×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қайырылымдылық па, әлде келісім бе: Құлыбаевтар неге жатақхана салуға құмар

28.12.2023, 15:20
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) өз студенттеріне арналған жаңа жатақхананы ашты. Сол тұста-ақ БАҚ "Тимур мен Динара Құлыбаевтар жатақханалардың жетіспеушілігімен өзекті мәселелерді шешіп жатыр", "Құлыбаевтар студент қалашығын салды" деген тақырыпта жаңалықты жарыса жаза бастады Осы ретте Ulysmedia.kz тілшісі бұл әрекеттің шын мәнінде, қайырымдылық па, әлде табысты инвестиция ма деген сұраққа жауап іздеп көрді.

ҚБТУ студенттертеріне арналған жаңа жатақхананы 25 желтоқсанда ашты. Оның ашылу салтанатына Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев,  NNEF ҚҚ құрылтайшысы Динара Құлыбаева және оның күйеуі – қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Құлыбаев, ЖОО ректоры Маратбек Ғабдуллин, сондай-ақ BI Group құрылыс компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев қатысты.

– Біз жастарымыз үшін барлық жағдайы бар жаңа студенттік жатақхана ашып жатырмыз: сыйымдылығы 980 төсек-орын, жалпы ауданы 14.000 шаршы метрден асатын екі жаңа ғимарат және спорт кешені жастардың игілігіне берілді. 10 айдың ішінде біз үлкен жұмыс атқардық. Алматы қаласындағы студенттерге тұрғын үй қажеттілігін толығымен жабатын алғашқы университет атандық, - деді ректоры Маратбек Ғабдуллин.

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жатақхана жалпы ауданы 14 320 шаршы метр болатын 980 төсек-орынға арналған екі тұрғын үй ғимаратынан және сыйымдылығы 198 орындық трибуналары бар ойын залынан, 2111,1 шаршы метр спорт кешенінен тұрады.

Кімнің есебінен салынды?

Ulysmedia.kz тілшісі жатақхананың ашылу салтанатына қатысқан. Бірақ салтанатты рәсімді фото мен бейнеге түсіре алмады – күзетшілер құрметті қонақтардың кадрға түспеуін қатаң қадағалап отырды, бірақ сөйлеген сөздерін тыңдап, кейбір сандарды жазып алуға мүмкіндік туды.

Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиевтің айтуынша, ҚБТУ жатақхананы өз қаражатына қалпына келтірген, бірақ шенеунік болашақта мемлекет бұған өз үлесін қосатынын атап өтеді.

Заң бойынша, жоғары оқу орындары құрылысқа өз ақшасын салады, ал жатақханалар пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет субсидия бөледі.

– Мәселен, ҚБТУ - бұл жеке университет, сондықтан жатақхана университеттің ақшасына салынған. Нысан ресми түрде пайдалануға берілгеннен кейін келісімшарт жасалады және субсидиялардың өзі сол жерде күшіне енеді. Алты жыл ішінде университет әр студент үшін жылына 230 АЕК алады. Бұл ақша жатақхана салу шығындарын жабуға бағытталған, - дейді жастар саясаты басқармасының басшысы.

Құлыбаевтар меценаттар ма, әлде табысты инвесторлар ма?

Енді алты жыл бойы университет жыл сайын бюджеттен траншпе ақша алады.

Айтпақшы, студенттік қоныс қаңтар айында басталады. 2024 жылы АЕК 3692 теңгені құрайды. Яғни, келесі жылы 980 студент үшін (жатақханада сонша төсек-орын) инвесторлар 832 млн теңгеден астам қаражат алады деген сөз.

Субсидиялар алты жыл бойы бөлінеді. Сол уақыт ішінде Құлыбаевтардың қанша алатынын есептеу қиын емес.

Жатақхана тозып қалмай ма?

Айтпақшы, жатақхананың құрылысы мамырда басталған. Сол тұста ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржы орталығымен келісімге қол қойылған. Ашық тендер арқылы мердігер ретінде BI-Group құрылыс компаниясы таңдалған.

Еске сала кетейік, BI-Group компаниясы бірнеше рет үлкен даумен бетпе-бет келген еді.

Мысалы, осы жылдың наурыз айында мемлекеттік кірістер комитеті компания 16 ай ішінде миллиард теңгеге жуық салық төлеуден жалтарды деегн ақпаратты жариялады. Оның басшысы Айдын Рахымбаев компания былтыр ғана қазынаға 47 млрд теңгеге жуық қаржы аударғанын айтып, бұл мәлімдемелерді жоққа шығаруға асықты.

Мамырда депутаттар ел аймақтарында BI-Group салған ковид ауруханаларының сапасын тексеруді талап етіп, компанияны лоббизм бойынша айыптаған.

Серіктес жаңалықтары