×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Террористер басып алды: Полицияға жалған хабар берген Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды

23.10.2021, 15:33
Фото: ашық дереккөз

Полицияға террористер басып алғаны туралы жалған хабар берген Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, «102» жедел арнасына жергілікті тұрғын қоңырау шалған. Ол қаладағы ғимараттардың бірін террористер басып алғанын айтқан. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен, алайда бұл хабар шындыққа жанаспайтын болып шықты.

Полиция қызметкерлері қоңырау шалған адамды бірден анықтаған. Ол Өскеменнің 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Ер адам мас болғандықтан және өзіне назар аударту үшін қоңырау шалғанын айтты. Оған қатысты арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.
 

Серіктес жаңалықтары