×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Әлихан, Медина... - 2023 жылы қандай есімдер "трендте" болды

30.12.2023, 08:53
Pixabay

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы сәбиге жиі қойылған есімдердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылы қойылған ең танымал 10 ер есімі:

Әлихан - 2848 сәбиге қойылған. 

Омар - 2362 сәбиге қойылған.

Айсұлтан - 2268 сәбиге қойылған. 

Әмір - 2162 сәбиге қойылған. 

Алдияр - 2035 сәбиге қойылған. 

Мұхаммед - 1928 сәбиге қойылған. Мұхаммед есімі мұсылман халқы арасында кең таралған. Бұл сөз тоқтаусыз, тынымсыз, әрдайым мақталатын, сондай-ақ мақтауға тұратын сипаты, қасиеті және ісі өте көп, артықшылыққа ие, дәрежесі биік деген мағына білдіреді. Қазақ халқы бұл есімді әйгілі Мұхаммед пайғамбарымыздың құрметіне қояды деген пікір бар. "Мұхаммед" – Хақ елшісінің ең ұлық әрі әйгілі есімі.

Алан - 1900 сәбиге қойылған. 

Әли  - 1768 сәбиге қойылған. 

Нұрислам - 1549 сәбиге қойылған. 

Хамза - 1468 сәбиге қойылған. 

2023 жылы қойылған ең танымал 10 әйел есімі:

Медина - бұл биыл ең көп қойылған әйел есімі, 5307 сәбиге қойылған. 

Айша - 4390 сәбиге қойылған. 

Асылым - 4139 сәбиге қойылған. 

Айлин - 4063 сәбиге қойылған. Бұл есім, негізінен, түрік қыздарына жиі қойылады деген мәлімет бар. "Ай нұры" деген мағына береді. Айлин есімі әйел энергиясымен, сұлулығымен және түнгі жарықтың құпиясымен тығыз байланысты. Astromeridian мәліметінше, Айлин есімі қасиетті құран кітапта "жұмақтағы ағын" дегенді білдіреді. 

Еуропалық дәстүрде бұл есім норманның Эйлин, ағылшынның Илен және гректің Илин есімімен байланысты. 

Раяна - 3019 сәбиге қойылған. 

Томирис - 2877 сәбиге қойылған.

Сафия - 2719 сәбиге қойылған. 

Амина - 2471 сәбиге қойылған. 

Айым - 2312 сәбиге қойылған. 

Аяла - 2279 сәбиге қойылған. 

Серіктес жаңалықтары