Қостанай қаласында қонақүйден өрт шығып, бір әйел өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 желтоқсанда сағат 11:00-де төтенше жағдайлар департаментіне Дружба ауылындағы "Жібек жолы" қонақүйінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ғимараттың шатыры, екінші қабаты мен бірінші қабаты жартылай жанған. Қызыл жалын шамамен 450 шақырым жерді шарпыған.
Өрт сағат 13.18-де сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде бір әйел өлі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.