×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Газа секторында қаза болғандардың саны 22 мыңға жетті

02.01.2024, 18:48
Коллаж Ulysmedia

Қазан айының басынан бері Израильдің Газа секторын бомбалауы мен атқылауынан 22 мыңға жуық палестиналық қаза тапты. Оның ішінде 326 дәрігер бар. Бұл туралы анклавтың денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Израиль агрессиясы басталғалы бері қаза тапқандар саны 21 978 адамға жетті, 57 697 жарақат алды. Соңғы тәулікте 156 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алды", - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, Израиль армиясы 150 медициналық мекемеге зақым келтірген, оның 30-ы толығымен істен шыққан. Министрлік хабарлағандай,  қаза тапқандардың ішінде 326 дәрігер бар, Израиль әскерилері 99 палестиналық дәрігер мен кіші медициналық қызметкерді ауыр жағдайда тұтқында ұстап отыр.

Естеріңізге салсақ, 7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.

Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарына еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қаза болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.

Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға әуеден соққы жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.

Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді.

Серіктес жаңалықтары