×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Otau TV Ресейдің жаңалық тарататын телеарналарын өшіріп тастады

03.01.2024, 13:01
Фото: Ашық дереккөзден

OTAU TV операторы өз желісінен "Бірінші арнаның цифрлық телебірлестігінің" 10 арнасын алып тастады. Олардың орнына ресейлік басқа арналар көрсетіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Ақпараттық күн тәртібі бар арналар санын қысқарту аясында телеарналарды таратуды тоқтату туралы шешім қабылданды. Олар: «Первый канал СНГ», «Поехали», «Время: далекое и близкое», «Дом кино», «Телекафе», «Дом кино Premium», «Музыка Первого», «Победа», «Карусель», «Бобер», «О!», – деп жауап берді Ulysmedia.kz сұрауына Отау ТВ.

Ойын-сауық контентінің үлесін арттыру үшін 2024 жылдың қаңтар айының басында біз Discovery отбасылық телеарналарын спутниктік және интернет-теледидар пакеттеріне қосылады. Олар: «Discovery Channel», «Animal Planet», «Eurosport 1», «Eurosport 2», «ID: Investigation Discovery», «TLC», сондай-ақ басқа да бірқатар ойын-сауық телеарналары.

– Discovery телеарналарының отбасынан басқа, жазылушыларымыз бірінші тоқсанда жаңа телеарналарға қол жеткізе алады, мысалы: «Наше новое кино», «Родное кино», «Индийское кино», «Киносерия», «Авто Плюс», «HD Life», «Телеканал "Кто есть кто"», «КВН ТВ», «Кухня ТВ», «MMA TV» және басқалары, – делінген жауапта.

Серіктес жаңалықтары