×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Былтыр шекара қызметі 7103 діни әдебиетке тосқауыл қойған

03.01.2024, 18:30
Былтыр шекара қызметі 7103 діни әдебиетке тосқауыл қойған
Ашық дереккөзден

2023 жылы шекара кеңістігінде Қазақстанның заңнамасын бұзған 35 487 азамат, соның ішінде 1094 шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өтудің 8 026 фактісінің алдын алды:

444 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан асады;

389 факті – қару-жарақ пен оқ-дәрі (36 атыс қаруы, 986 оқ-дәрі, 4 001 суық қару, 125 арнайы құралдар);

279 факті – діни әдебиеттер (7 103);

3 112 факті – жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай (429 107 литр);

2 986 факті – жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден асатын халық тұтынатын тауарлар;

816 факті – жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валюта.

Сондай-ақ Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактісінің жолы кесілді:

жалпы ұзындығы 738 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

3 463 (20 276 кг) бекіре тұқымдас балық;

45 332 (67 899 кг) ұсақ тұқымдас балық;

23 250 (10 238 кг) шаян тұқымдастар.

Осылайша шекарашылар 7 млрд теңгеден астам залалдың алдын алды.

Барлық материал заңбұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.