×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Алматыда Oyan, Qazaqstan! белсенділері пикетке шықты

03.01.2024, 19:09
Masa.media

"Oyan, Qazaqstan!" қозғалысының белсенділері Айсұлтан Құдайберген, Ақмарал Жақыбаева және Темірлан Еркебек Алматыда Тәуелсіздік монументінің жанында пикет ұйымдастырып, бұрын 15 тәулікке қамауға алынған Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаровқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция әу баста Ақмарал Жақыбаева мен Айсұлтан Құдайбергенді, кейін Темірлан Еркебекті ұстады.

Ақмарал Жақыбаева журналистерге олардың акциясы 15 тәулікке қамауға алынған Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаровты қолдауға бағытталғанын айтты.

Ол Қазақстан азаматтарының Тәуелсіздік күні өз тарихын еске алуға, алаңға шығуға және өз елінің тарихын талқылауға құқығы бар екенін атап өтті.

Естеріңізге салсақ, өткен айда Тәуелсіздік күні аталған қозғалыстың белсенділері пикет өткізген болатын.

Серіктес жаңалықтары