×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыда Oyan, Qazaqstan! белсенділері пикетке шықты

16.12.2023, 10:57
Алмас Қайсар

Алматыда Тәуелсіздік күні белсенділер мен азаматтардың пикеттері өтуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, белсенді Әсем Жапишева Қантар оқиғасы кезінде қаза тапқан Айкөркем Мелдехан, сондай-ақ Желтоқсан мен Жаңаөзендегі оқиғалар бейнеленген плакат ұстап, марқұмдарды еске алды.

Айта кету керек, тәртіп сақшылары алаңнан кетуді талап етті. Бірақ белсенді пикетті жалғастырды.

Oyan, Qazaqstan! қозғалысының қатысушылары олардың үйлерінде полиция қызметкерлері кезекшілік ететінін айтты.

Айтпақшы, алаңға демократиялық партияның белсенділер тобы да келді. Олар дәстүрге сай дұға оқып, қаза тапқандарды еске алды.

Жаңаөзен демекші, билік ондағы қантөгісті ұмытқан жөн деп шешкен сияқты. Саясаттанушы Ғалым Ағелеуов сол кезде Жаңаөзен оқиғасының бел ортасында болған адам. Ол ереуілдің хроникасын жүргізіп, қанды оқиғадан кейін соттарға қатысқан. 12 жылдан кейін саясаттанушы Жаңаөзендегі оқиға – қазақ халқының мүддесін мүлде елемеген ескі биліктің саясатының салдары деп есептейді. Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында Ғалым Ағелеуов 2011 жылы 16 желтоқсанда не болғанын және өлімге қатысты ресми статистика не себепті шынайы сандармен сәйкеспейтінін түсіндіріп көруге тырысты.

Серіктес жаңалықтары