×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Свой дом" қаржы пирамидасының басшыларына сот үкімі шықты

04.01.2024, 13:56
"Свой дом" қаржы пирамидасының басшыларына сот үкімі шықты
Shutterstock

Шымкентте "Свой дом" қаржы пирамидасының басшылары сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Тергеу барысында салымшылардың “баюы” басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын ақша жинау схемасы анықталды. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшыларға енгізілген сомадан 40% пайда табатынын айтып, уәде берген", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды. Салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының басшылары кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Агенттік қаржы пирамидасын құрғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.