Олигарх Олег Дерипаска санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық Irtysh-Air тасымалдаушысы арқылы Falcon 7X жаңа бизнес-джетін 36 миллион долларға сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Вёрстка" сайтына сілтеме жасап.
2016 жылы шығарылған Falcon 7X жаңа ұшағы Қазақстаннан Ресейге 2023 жылғы ақпанда әкелініп, Дерипаскамен байланысты "Арсенал" компаниясына ресімделіпті. Олигарх Ресейдің Украинаға толық басып кіруінен кейін санкцияларға ілінгенін атап өткен жөн.
Ұшақ Ресейде тіркелгеннен кейін ra-09618 борттық нөмірін алған. Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумы және Бейжіңдегі Ресей-Қытай Достық комитетінің отырысы сияқты маңызды іс-шараларға олигарх осы ұшақпен қатынаған.
"Irtysh-Air "авиакомпаниясы АҚ 2007 жылы ішкі және халықаралық рейстерде тұрақты және чартерлік жолаушылар тасымалдарын орындау, Солтүстік Қазақстанның көліктік әуе қатынасын жолға қою мақсатында құрылған. Ұшақтың тұрағы "Павлодар әуежайы" екенін атап өткен жөн.