×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Еліміздің екі облысында жол жабылды

06.01.2024, 13:05
Ашық дереккөзден

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазавтожол" АҚ-ға сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында 1 учаске жабық:

"Алматы-Өскемен" автожолы, 615-683 км, Жетісу облысының шекарасы мен Таскескен ауылының арасына дейін.

Ал Жетісу облысында 2 учаске жабық. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма мен Достық станциялары аралығында 100 км жолда жүруге шектеу қойылды.

Сондай-ақ "Алматы-Өскемен" автожолында 557-615 км, яғни Үшарал қаласы мен Абай облысының шекарасына дейін 58 км жол жабық.

Шектеу көліктің барлық түріне қойылды.

Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 391 бірлік техника және 686 қызметкер жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары