×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Вакцина алмаған балаларға ұлттық қордан ақша берілмей ме

06.01.2024, 13:43
Коллаж Ulysmedia

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде вакциналанбаған балаларға "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша төлемдер тоқтатылатыны туралы ақпарат тараған еді. Қаржы министрлігі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалған ақпаратты әлеуметтік желідегі "Qaznews24" сатиралық жаңалықтар ақпарат агенттігі" деп аталатын аккаунт таратқан.

Оның профилінде аккаунт шындыққа жанаспайтын жаңалықтарды жариялайтыны көрсетілген.

"Вакцина егілмеген балалар Ұлттық қордан берілетін төлемдерден айырылатыны туралы хабарламаға сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша жыл сайынғы төлемдер Қазақстанның кәмелетке толмаған барлық азаматына олардың вакцинациялық мәртебесін ескермей есептеледі. Олардың барлығы бірдей соманы алады.

Ата-аналарға немесе заңды өкілдерге ЖСН қоса алғанда, баланың жеке басын куәландыратын құжатты алу және электронды үкіметтің веб-порталындағы жеке кабинетте "балалар туралы мәліметтер" бөлімінен ақпаратты тексеру жеткілікті.

Қаржы министрлігі тек ресми ақпаратқа сенуге және күмәнді дереккөздерден хабарлама таратпауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары