×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Анасын іздеген Жәнібек - тағы бір әйел ДНҚ тапсырды

07.01.2024, 10:26
Коллаж Ulysmedia

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ананың табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Зерттеу жұмысы барысында «Бармысың, бауырым?» редакциясы тағы бір келіншектен ДНҚ сынамасын алды. Болжамды ана - Айгүл”, - деп жазды Қымбат Досжан Instagram парақшасында.

Жуырда «Бармысың, бауырым?» хабарының тікелей эфирінде бельгиялық баланың анасы болуы мүмкін делінген жанның сараптама нәтижесі жарияланған болатын. Хабар редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншек ДНҚ сараптамасын тапсырған еді. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын бельгиялық баланың үміті ақталмады. ДНҚ сараптамасы теріс нәтиже көрсеткен-ді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде шетелде тұратын Жәнібек есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан) жас жігіттің Қазақстанға келіп, анасын іздеп жатқаны туралы видео жарияланған еді. Белгілі болғандай, Жәнібек 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туған. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен.

 

Серіктес жаңалықтары