×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Ресейде Кәрім Мәсімовтің тағы бір туысына іздеу жарияланды

29.11.2024, 10:57
Ресейде Кәрім Мәсімовтің тағы бір туысына іздеу жарияланды
Коллаж Ulysmedia.kz

Ресей бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған Азамат Қапеновтің туған інісін іздестіріп жатыр. Бұл туралы РФ Ішкі істер министрлігінің сайтында хабарланды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Іздеудегі адамның аты-жөні – Медер Қапенов. Ол 1993 жылы Бішкекте туған. Іздеу себебі белгісіз, бірақ қылмыстық бап бойынша күдік бар екені көрсетілген.

ҚАПЕНОВТІҢ БИЗНЕСІ

Курсив сайтынң дерегінше, Қазақстанда Медер Қапенов «Евротранс Актив» ЖШС-ның иесі. 2020 жылы тіркелген компания жылжымайтын мүлікті жалға беру (субаренда) қызметімен айналысады. Сонымен қатар, ол 2021 жылы құрылған «ТрансКонтейнер Евразия» ЖШС-ның иесі, ол тасымалдау және экспедиция қызметтерін ұсынады.

Екі компания да Астанада тіркелген.

Қапеновтің Ресейде де бизнесі бар. 2023 жылы Мәскеуде «Рубиус» атты компания ашқан. Компания қызметі төмендегі бағыттарды қамтиды:

  • жылжымайтын мүлікті жалға беру, басқару және сату;
  • ғимараттар, теміржол және метро құрылысын жүргізу;
  • логистика;
  • автомобильдер, құрылыс және кеңсе техникаларын лизингке беру.

РФ заңды тұлғалар бірыңғай мемлекеттік тізілімінің (ЕГРЮЛ) мәліметтері бойынша, компанияны Қырғызстан азаматы Медер Қапенов құрған. Бұл деректі 2022 жылдың мамыр айында жарияланған Қырғызстан президентінің азаматтық беру туралы жарлығы да растайды.

ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ІЗДЕУ

2024 жылдың қаңтар айында Ресей 46 жастағы Азамат Қапеновке де іздеуге жариялады. Оның не үшін күдікті екені белгісіз.

Тамыз айында Қазақстан да Азамат Қапеновті алаяқтыққа күдікті деп, іздеу жариялады. Антикор оның қайда екенін айтқан адамға қомақты сыйақы ұсынды.

Азамат Қапенов – Қырғызстан тумасы, Ресей азаматы. Ол 2015 жылы Кәрім Мәсімовтің үлкен қызы Тамилла Кәрімге үйленіп, көпшілікке танылған.