×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Солтүстік Хамас жойылды - Израиль әскері басшылығы

08.01.2024, 08:42
Коллаж Ulysmedia

ЦАХАЛ Газа секторының солтүстігінде ХАМАС-тың жойылғанын хабарлады. Енді олар орталық және оңтүстік аймақтардағы содыр құрылымдарын жоюды көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Euronews-тің айтуынша, бұл туралы ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари мәлімдеген.

Сондай-ақ Израиль әскерилерінің Хамастың «Нукба» арнайы күштерінің содырларына қарсы бірнеше соққы жасағанын және туннельдердің бірінен қару қоймасын тапқаны хабарланды. Әскерилер сонымен бірге Израиль аумағына зымыран ұшыру нүктесін жойды.

Хамас бақылайтын Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі анклавтағы қаза тапқандар саны қазірдің өзінде 23 мың адамға жеткенін хабарлады.

Еске салайық, Израиль армиясы Газа секторының оңтүстік бөлігінде құрлық операциясын 4 желтоқсанда бастаған болатын.

БҰҰ мәліметі бойынша, Газа секторының 2,3 миллион тұрғынының 85 пайызы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ұйым палестиналықтар қысқы суықтан уақытша шатырларды паналағандықтан, аштық пен ауру қаупінің артатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары