×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Оңтүстік Кореяда ит етін жеуге тыйым салынды

09.01.2024, 17:37
Оңтүстік Кореяда ит етін жеуге тыйым салынды
Yonhap

Оңтүстік Кореяда ит етін пайдалануға тыйым салатын арнайы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Ит өсіріп, союға, сондай-ақ ит етін таратып, сатуға тыйым салатын заң жобасын парламент мақұлдады. Атап айтсақ, 208 парламент мүшесі қолдап дауыс берсе, екеуі қалыс қалды.

Бұған дейін басқарушы партия мен негізгі оппозициялық партия елдегі үй жануарлары саны артқанына байланысты ит ұстап, оны союға тыйым салатын арнайы заң жобасын қабылдау қажет деген мәселе көтерген болатын.