Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылы желтоқсанда қай өңірлерде маман тапшылығы байқалғанын, сонымен қатар, жұмыс берушілер қай мамандықтарға жоғары жалақы ұсынғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2023 жылғы желтоқсанда бірнеше өңірде білікті мамандарға тапшылық байқалды. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан (2,2 мың бос жұмыс орны және 655 түйіндеме), Шығыс Қазақстан (3,5 мың бос жұмыс орны және 1,2 мың түйіндеме) және Қарағанды облыстары (4,5 мың бос жұмыс орны және 2,5 мың түйіндеме), сондай-ақ, Алматы қаласы (9,8 мың бос жұмыс орны және 5,3 мың түйіндеме) бар.
Сұраныс ұсыныстан басым болғанына қарамастан, желтоқсанда заңгерлер (214 бос жұмыс орны және 846 түйіндеме), денешынықтыру және спорт мұғалімдері (112 бос жұмыс орны және 425 түйіндеме) және бастауыш сынып мұғалімдері (151 бос жұмыс орны және 442 түйіндеме) айтарлықтай асып түсті.
"Қарашада жұмыс берушілер өнеркәсіптің бас технологтарына (орта есеппен 954 мың теңгеден бастап), ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және жүйелік сәулетшілерге (700 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы ұсынды. Ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерден (орта есеппен 1,5 миллион теңгеден бастап), бұрғылау жөніндегі супервайзерлерден (1,1 миллион теңгеден бастап) және өнімді әзірлеу жөніндегі басшылардан (935 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақыға сұраныс болды", - деп жазылған министрлік мәліметінде.
Бұған дейін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айлық мөлшері қанша екенін айтқан болатын.